Алматыдағы "Көкжиек" ықшамауданында көпқабатты үйден өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Көкжиек" ықшамауданында көпқабатты үйден өрт шықты

Алматыдағы "Көкжиек" ықшамауданында көпқабатты үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"16:03-те Алматы ТЖД" "101" пультіне Жетісу ауданы, "Көкжиек", 32-үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Олар эвакуация жүргізіп, өртті сөндіріп жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады", - деп хабарлады Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Ал кейінірек ҚР ІІМ ТЖД өкілдері өрт жайлы толығырақ мәлімет берді. 

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына 16:11-де жетті, оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшесі үйдің 1 мен 5-қабат аралығындағы бет жағы өртеніп жатқанын анықтады. Өрттің алдын ала аумағы 1000 шаршы метр. Үйдің төбесін түгелдей өрт шалған", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖД өкілдері.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 20-дей өрт сөндіруші мен 20 дана техника жұмылдырылған. Өртенген үйден 300 адам эвакуацияланған.

"Зардап шеккендер туралы мәлімет түспеді", - деді ведомство өкілдері.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +19
Ақтау +29
Ақтөбе +29
Атырау +33
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +23
П
Павлодар +22
Петропавл +28
С
Семей +29
Т
Талдықорған +28
Тараз +29
Түркістан +33
О
Орал +25
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер