Алматы әкімдігінің қызметкері ұсталды. Желіде даулы видео пайда болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматыда қызды ұрды деген күдікпен әкімдіктің жастар саясаты басқармасының қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қызды ұрды деген күдікпен әкімдіктің жастар саясаты басқармасының қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде Алматы жастар саясаты басқармасының бас маманы қызды бірнеше рет ұрып-соғып, артына түскені туралы ақпарат тараған болатын. Бұл туралы жәбірленушінің өзі әлеуметтік желіде мәлімдеді. Оның айтуынша, оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үш жылдай жалғасқан.

Алматы әкімдігі 2022 жылдың қарашасынан бері Ділмұрат Омаровтың Алматы жастар саясаты басқармасының бас маманы қызметін атқарғанын хабарлады.

"Осы оқиғадан кейін Омаров 2023 жылдың 19 ақпанынан бастап өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. Кадр қызметі өтінішті қабылдап, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес Ділмұрат Омаров қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта бұл жанжалдың мән-жайын құқық қорғау органдары тексеріп, оған қатысушыларға қатысты құқықтық баға беру және тиісті ден қою шараларын қабылдап жатыр", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Алматы Полиция департаменті Медеу аудандық полиция бөлімі жарақат алу дерегі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындағанын хабарлады.

"Ер адам қамауға алынды. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сот отырысының материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деді полициядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer