Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Алматы әуежайы маңындағы өрт 800 шаршы метрді шарпыған

04 Мамыр 2014, 10:02
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
©"Территория происшествий"
©"Территория происшествий"

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары Алматы әуежайы маңында болған өртке қатысты нақты мәліметтерді жария етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, 03.05.2014 күні сағат 15.53-те Алматының Түрксіб ауданы аумағындағы Әлмерек елді мекенінде "Қонаев" өндірістік кооперативінде өрт шыққан. "Юг Сэль Туркуаз" ЖШС-нің ашық аумағындағы құрылыс жабдықтары өртенді. "Өрт 16.23-те ауыздықталып, 19.37-де залалсыздандырылды. Жалынды сөндіруге Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 45 адам мен 13 техника жұмылды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау барлығы 800 шаршы метрді шарпыған. Еске салайық, бұған дейін куәгерлер Алматы әуежайы маңында өрт болғанын хабарлаған еді. СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісінің мәліметінше, қоймалардағы залалсыздандыруға жіберілетін тауарлар жанған.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай