04 қараша 2020 15:26

Алматы әуежайында полицей жолаушыны ұрған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Көліктегі полиция департаменті Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көліктегі полиция департаменті Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін әлеуметтік желіде полицейдің ер адамды ұрып жатқаны түсірілген видео тараған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Добро пожаловать в южную столицу ?

Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz)

Полиция мәліметінше, 2 қарашада Алматы әуежайындағы полиция бөліміне FlyArystan әуе компаниясының өкілінен Алматы-Қостанай рейсімен ұшып келген ер адамға қатысты шағым түскен. Ол тәртіп сақшыларынан оқиға болған жерге шұғыл полиция жасағын жіберуді сұраған.

"Тәртіп бұзушы полицияға берілді. Тексеру барысында тәртіп сақшылары Қостанай облысының 1984 жығы тұрғынын ұстады. Ол бірнеше рет сотталған.

Кезекші бөлімге жеткізу барысында жолаушы полицияның талабына бағынбай қарсылық көрсеткен әрі балағат сөздер айтқан. Кейін полиция қызметкері құқықбұзушының қолына кісен салған.

Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша ер адамның орташа дәрежеде мас болғаны анықталды", - делінген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жолаушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Көліктегі полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізген. Онда полиция қызметкерінің өз әрекетімен құқық қорғау органының беделін түсіретін әрекетке барғаны әрі қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны анықталған.

"3 қарашада көліктегі полиция департаменті басшысының бұйрығымен конституциялық құқықты бұзғаны және құқықбұзушыға дене жарақатын салғаны үшін полиция капитаны ішкі істер органдарындағы қызметінен шығарылды. Сонымен қатар, Алматы әуежайындағы басшылық қызметтегі полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети