Алматы базарында жаппай төбелес: Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтты

07 Сәуір, 10:44
0
Алматы базарында жаппай төбелес: Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтты - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Алматы базарында жаппай төбелеске қатысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алатау аудандық полиция басқармасының мәліметінше, жаппай төбелесу дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалған. Бұзақылық әрекеттері үшін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

"Аяқ киім сатушыларының арасында ақшалай қарыздарға байланысты алдымен ұрыс шыққан, кейін ол төбелеске ұласқан. Жол-патруль полициясы экипаждары тексеріс жүргізу үшін оларды аудандық полиция басқармасына жеткізді, одан әрі тәртіп бұзғандарға заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады", - деп түсіндірді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, Желіде Алматыда Алатау ауданындағы базарлардың бірінде ер адамдардың жаппай төбелесі түскен видео таралды. Полицейлер қақтығыстың сатушылар арасында қарыз үшін болғанын мәлімдеді. Төбелес куәгерлері видеоны әлеуметтік желілерде таратты. Кадрларда шамамен он ер адам көрінеді. Кімнің төбелесіп, кімнің ажыратып жатқанын түсіну мүмкін емес.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай