07 қыркүйек 2020 17:40

Алматы блокбекетіндегі жол апаты: сот басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Қарасай аудандық сотында блокбекетте екі полицейді қағып өлтірген BMW жүргізушісі Азат Азаматовқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Қарасай аудандық сотында блокбекетте екі полицейді қағып өлтірген BMW жүргізушісі Азат Азаматовқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарасай аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы отырыстың мерзімі ауыстырылған. Екі тарап та істің сот залында қаралуын сұраған.

"Келесі процесс 2020 жылғы 15 қыркүйекте сағат 15.00-де Қарасай аудандық сотының ғимаратындағы сот отырысы залында өтеді. Карантин аяқталғалы бері облыстық сот екі жақтың қалауы бойынша отырысқа тараптар қатысып, сот залында өткізуді қайта бастады. 

Сондай-ақ санитарлық нормалар, маска тағу, антисептик құралдары және әлеуметтік қашық сақталады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. 

Блокбекеттегі апат: BMW жүргізушісі екі айға қамалды

Қайғылы оқиғадан кейін үш шенді қызметінен кетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети