23 тамыз 2017 13:07

Алматы қалалық ІІД көпір астында тіреліп қалған эвакуаторға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Ішкі істер департаментіндегілер Сейфуллин даңғылындағы көпір астында тіреліп қалған эвакуаторға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-патрульдік полицияның эвакуаторы айыппұл тұрағына қарай бара жатқаны белгілі болды.


Алматы қалалық Ішкі істер департаментіндегілер Сейфуллин даңғылындағы көпір астында тіреліп қалған эвакуаторға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-патрульдік полицияның эвакуаторы айыппұл тұрағына қарай бара жатқаны белгілі болды.

"Көлік құралы техникалық нормаға байланысты көпірден өтіп кете алмады. Эвакуатор жүргізушісі көпір жақтаг тезірек өтіп кетпекші болды, алайда ол көлікпен электр сымдары жүйесіне тиіп кеткен. Сондықтан электр жүйесін жөндейтін мамандарды күтуге тура келді", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, ІІД ресми өкілі Hummer мен эвакуатордың бүлінбегенін айтты.

"Қазіргі уақытта қалада тұраққа дұрыс қойылмаған көліктерді анықтауға бағытталған жедел-алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Ол көлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілмекші болған шығар. Бірақ көлікті жеткізу кезінде осындай жағдай болды. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - деді Әзірбек.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда Hummer тиелген эвакуатор көпір астында тіреліп қалғаны жайлы хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға 22 тамызда түстен кейінгі уақытта Сейфуллин даңғылымен солтүстік бағытта Райымбек даңғылынан төмен жерде болған. Суреттер мен видеоларға қарағанда, эвакуатор жүргізуші көпірдің биік екенін білмей, нәтижесінде тіреліп қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети