09 тамыз 2014 19:25

Алматы маңында магнитудасы 4,5-ке тең сілкініс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Алматыдан 92 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мекемесіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі 9 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 17.43-те болды. "Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 92 шақырымда, Қазақстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

Тербелістің энергетикалық класы - 10, магнитудасы - 4,5. Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдіктен басталған. Зілзаланың әсері туралы мәлімет жоқ. 

Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, мұның алдында 9 тамыз күні сағат 12.40-та Алматыдан 71 шақырым қашықтықта магнитудасы 4-ке тең жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети