08 қараша 2019 17:22

Алматы облысында 14 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 14 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті. Полицейлер мен еріктілер оны екі күн бойы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысында 14 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті. Полицейлер мен еріктілер оны екі күн бойы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

7 қарашада Ұйғыр аудандық полициясының кезекші бөліміне Үлкен Ақсу ауылының 37 жастағы тұрғыны хабарласып, 2005 жылы туған қызы Нигара Кадирдинованың жоғалып кеткенін айтқан. Бойжеткенді іздестіру үшін аудан полициясының жеке құрамы мен еріктілер жұмылған. Қыздың туыстары да іздеп жатыр. 

Нигара Кадирдинова ашық қоңыр түсті пальто мен қара бас киім, ақ кроссовка киген. Мектеп сөмкесі мен спорт киімдері салынған рюкзагы бар. 

Алматы облысының полициясы Нигара Кадирдиноваға қатысты мәлімет білетіндерден 8-72778 21597, 8-7017988863 немесе "102" нөмірлеріне хабарласуды сұрады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети