19 шілде 2016 | 14:43

Алматы облысында әжетханадан табылған нәрестенің анасы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасы КТК телеарнасы

Алматы облысында әжетханадан табылған нәрестенің анасы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Іле аудандық сотына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында әжетханадан табылған нәрестенің анасы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Іле аудандық сотына сілтеме жасап.

"15 шілдеде Іле аудандық соты Алтынай Ақжолтаеваны қамауға алу туралы өтінішті қанағаттандырды. Бұл шешімді қабылдауға істің ауыр баптар бойынша қаралуы негіз болды. Осыған дейін қылмыстық іс "Қауіпті жағдайда қалдыру" бабы бойынша қаралса, енді "Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі" бабы бойынша қаралып жатыр", - делінген ресми сауалнамаға берген жауабында.

Айта кетейік, Алматы облысында әжетханадан табылған нәрестенің анасы 7 шілдеде ұсталды. Анасы 1992 жылғы қыз болып шықты. "Ол Қарасай ауданында тіркелген. Ол босанған үйге қонақ болып келіп жүрген. Үйдің иелері - оның туыстары. 2 жыл бұрын осындай қылмыс жасаған. Сол уақытта бала шетінеп кеткен. Бұл анықталады. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлаған еді облыстық ІІД өкілдері.

Еске салайық, Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылындағы үйдің әжетханасынан жаңа туған нәресте 5 шілдеде табылған еді. Куәгердің айтуынша, қыздың салмағы 3,3 келі. "Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қыз әжетхананың ішінде туған. Нәрестені төрт метрлік шұңқырдан алып шықты", - деді куәгер. Оның айтуынша, қыз 4 шілдеде таңғы сағат 7-де табылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети