07 шілде 2023 13:01

Алматы облысында жаңбыр суы Көлсай мен Қайыңды іргесіндегі ауылға жетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы облысында жаңбыр суы Көлсай мен Қайыңды көлдеріне жақын орналасқан Саты ауылына жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында жаңбыр суы Көлсай мен Қайыңды көлдеріне жақын орналасқан Саты ауылына жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрлардан лай су ағыны жолдың арғы бетіне асып, ауыл тұрғындарының үйлеріне ағып жатқанын көруге болады.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін облыс әкімдігіне жүгінген. Баспасөз қызметі мәліметінше, 5 шілдеде жауын-шашын салдарынан еңіс су ағыны жиналған. Ол Бахар ауылдық округі аумағындағы суды тарату шлюзі аймағындағы Нижнечунджинский каналынан асып кеткен.

"Арна сыйымдылығы келіп жатқан су ағынына шыдай алмай, нәтижесінде науалар суға толып, жақын маңдағы егістік алқаптар су астында қалды.

Су жерге сіңіп кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Салдарын жоюға Төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері мен арнайы техника, сондай-ақ әкімдіктің екі қызметкері мен бір техника, сондай-ақ "Қазводхоз" бір қызметкері мен бір техника шықты", - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Нижнечунджинский суару каналы Бахар ауылдық округіндегі 3,5 мың гектардан аса егістік алқапты суарады.

"7 шілдеде таңертең Нижнечунджинский суару каналында жағдай тұрақты. Су деңгейі қалыпты деңгейде. Канал "Қазводхоздың" балансында", - деп қосты шенеуніктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети