05 тамыз 2016 08:53

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 6 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасы © СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Алматы - Астана тас жолының 32-ші шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Galant жүргізушісі Шамалған станциясына қарай жүріп келе жатып, белгісіз себептермен қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Сөйтіп, қарсы бағытта келе жатқан Toyota Corolla көлігімен бетпе-бет соғысқан. Соққыдан алты адам алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды, бір бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын Алматы облыстық полиция анықтап жатыр. 

"Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің алдын алу шараларын өткізіп жатқанына қарамастан, жүргізушілер жолда жол қозғалысы ережесін сақтамауын жалғастырып жатыр, бұл осындай қайғылы жағдайға душар етеді", - деп хабарлады полиция қызметкерлері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети