Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Алматы облысында жер сілкінісі болды

06 Ақпан 2014, 18:32
0
©Some.kz
©Some.kz
Алматы облысында жер сілкінісі болды деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

"Сейсмикалық станциялар желісі 6 ақпан күні Алматы уақыты бойынша сағат 16.15-те жер сілкінісін есепке алды. Эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 411 шақырымда орналасқан", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің магнитудасы 3,8 болады, энергетикалық класы - 8,8. Жерасты дүмпулерінің сезілгені туралы мәлімет жоқ. Мұның алдында сағат 10.13-те Алматы қаласынан 718 шақырымда магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелген. Бұл - Қытай мен Тәжікстанның шектесетін өңірі. Зілзаладан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Болжау комиссияларының мәліметіне сүйенген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 12 ақпанға дейінгі аралықта Алматы полигоны аумағында MSK-64 шкаласы бойынша 7 балға жететін жер сілкінісі болмайды. Еске салайық, 3 ақпан күні Талдықорған қаласынан 166 шақырым қашықтықта магнитудасы 3,4-ке тең сілкініс болған еді. Жерасты дүмпулері тұрғындарға сезілмеген.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай