06 маусым 2016 07:59

Алматы облысында жоғалған бес жасар қыз өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жоғалған бес жасар қыз өлі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың отбасының көршісі хабарлады.


Алматы облысында жоғалған бес жасар қыз өлі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың отбасының көршісі хабарлады.

Бес жастағы Хуршидам Жапарова 4 маусымда шамамен 11.00-де Еңбекшіқазақ ауданындағы Ават ауылында жоғалған болатын. Көршісінің айтуынша, қыздың денесін жергілікті тұрғындар мен полиция қызметкерлері 6 маусымда шамамен 01.00-де үйдің маңындағы су ағызу құбырынан тапқан. Қазіргі уақытта қыздың денесі мәйітханаға жеткізілді, мұнда оның өлімінің себебін анықтауға және дене зақымына қатысты сот-медициналық сараптама жүргізіледі. 

Еске салайық, қыздың жоғалғаны жайлы мәлімет әлеуметтік желілерде 5 маусымда таралған еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети