10 қаңтар 2024 14:47

Алматы облысында жолда пара берген жүргізушілер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Сот Алматы облысының жол полициясы қызметкерлеріне пара берген жүргізушілерді жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот Алматы облысының жол полициясы қызметкерлеріне пара берген жүргізушілерді жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімтеніше, 4 қаңтарда Қарасай аудандық соты Алматы облысы жол полициясы батальонының 6 қызметкеріне және басқа да тұлғаларға қатысты үкім шығарды. Олар көлік жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алғанына кінәлі деп танылды.

"Лауазымды тұлғаларға 58,8 миллион теңге айыппұл салынды. Дәл осы үкім бойынша пара берушілерге жалпы сомасы 3,85 миллион теңге айыппұл салынды", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеуқанов.

Сотталғандардың барлығы өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылған. Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес, айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе, жаза бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети