20 шілде 2022 12:16

Алматы облысында жылқыны көлікпен басқан ер адамның үйіне ауыл тұрғындары жиналды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматы облысы Междуреченск ауыл тұрғындары жол талғамайтын көлікпен жылқыны әдейі басқан ер адамның үйі маңына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Междуреченск ауыл тұрғындары жол талғамайтын көлікпен жылқыны әдейі басқан ер адамның үйі маңына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде 18 шілдеде сағат 22.00-де жол талғамайтын көлігімен жылқыны әдейі басқан ер адамның үйіне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат пайда болды.

"Балалар үйді біреулер айналып жүргенін естіпті, әзірге үйдің қоршауы жоқ, терезені қағып, тас лақтырып, есіктерді қаға бастады. 100-ге жуық адам болды. Қазір бәрі жақсы, бірақ адамдар кетіп бара жатып, үйді өртеп жібереміз деп айғайлады", - дейді жазба авторы.

Алматы облысы Полиция департаменті мұндай оқиға, шынымен болғанын растады.

"Үйлердің бірінің жанына жергілікті тұрғындардан шамамен 20-25 адам жиналды.
Хабарлама аудандық полицияның кезекші бөліміне келіп түскеннен кейін оқиға орнына дереу патрульдік полиция наряды мен Іле АІІБ басшылығы шықты. Келген полиция қызметкерлері жиналғандармен түсіндірме әңгіме жүргізді, содан кейін бәрі үйіне тарады", - деді құқық қорғау органдары қызметкерлері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS | P | ALMATY (@kris.p.almata)

Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмегенін айтты.

Еске салайық, Алматы облысында жылқыны қасақана басқан жүргізушінің видеосы Желіде қызу талқыланған еді. Күдіктіні полиция ұстаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдастарымен жанжал кезінде жылқыны басқан. Ер адам өзінің әрекетін бақшасынан 20-ға жуық жайылып жүрген жылқыны шығаруға тырыстым деп түсіндіріпті.

Жануар аман қалған, бірақ иелері оның жарақаты болғандықтан, бауыздауға мәжбүр болған. Кейінірек жүргізуші неге жазаланбайтыны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети