Алматы облысында "жын шығару" рәсімі қайғылы оқиғамен аяқталды: Емші ұсталды

15 Қаңтар, 09:15
0
Алматы облысында "жын шығару" рәсімі қайғылы оқиғамен аяқталды: Емші ұсталды -

Алматы облысында 28 жастағы ер адамның өліміне себепкер болған деген халық емшісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 12 қаңтарда Қарасай ауданында болған. Ер адам өз үйінде өлі табылған. Сот-медициналық тексеруінің нәтижесінде кеуде қуысының тұйық жарақаты, қабырғаларының сыныуы мен өкпенің жарақаттануы ер азаматтың өліміне себепкер болғаны анықталған. Жәбірленушіге түрлі ауыр дене жарақатын салу барысында оның өліміне әкелуге қатысы бар деген күдікпен полицейлер халық емшісінің үстінен қылмыстық іс өндірісін қозғады.

"Полицияға қайтыс болған азаматтың туыстарынан әлі күнге арыз түскен жоқ. Алайда бұл дерек бойынша РҚ Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істе күдікті ретінде дәстүрлі емес медицина қызметімен айналысатын 63 жастағы ер адам айыпталып жатыр", - деп атап өтті Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, халық емшісіне жәбірленушіні оның туыстары алып келген. Олардың пікірі бойынша, жас азаматқа жын кірген және ол соңғы үш жыл ішінде сол жын әсерінен қиындық көрген. Халық емшісінің 5 күн ішінде түрлі әдістерді қолдану арқылы азаматтан жынды шығару салдарынан жәбірленушінің көз жұмуы мүмкін делінеді.

"Бұл іс Қарасай ауданы полициясының өндірісінде. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды", - деп облыстық полиция баспасөз қызметі толықтырады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай