12 қазан 2020 17:56

Алматы облысында қар жауғанда асфальт төсегендердің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Кербұлақ ауданында қар жауған кезде асфальт төсегендердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Кербұлақ ауданында қар жауған кезде асфальт төсегендердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларынан жұмысшылардың қар жауып тұрғанына қарамастан арнайы техниканың көмегімен жаңа асфальт төсеп жатқаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Кербұлақ ауданының әкімдігі бұл видеоның 7 қазанда Шаған ауылының маңында түсірілгенін және осы оқиға бойынша сол күні шаралар қабылданғанын айтты.

"Біз сол күні жұмысты тоқтаттық, мен өзім техникалық қадағалаумен бірге шықтым, нұсқама жазып, тоқтатуды бұйырдым. Мердігер бізге таңертең аспанның ашық екенін түсіндірді, сондықтан жұмыс басталды, содан кейін күтпеген жерден жауын-шашын басталды", - деді Кербұлақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еділ Сарыбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети