04 маусым 2021 09:10

Алматы облысында көлік түгі қалмай өртеніп кетті: екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Алматы-Қорғас тасжолында көлік өртеніп кетті. Көлік ішінде болған екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы-Қорғас тасжолында көлік өртеніп кетті. Көлік ішінде болған екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"3 маусымда сағат 17.59-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында, Алматы-Қорғас тасжолының 82-ші шақырымында жеңіл автокөлік өртенгені туралы хабар түсті.

Оқиға орнына Алматы облысылық ТЖД-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы аттанды, өртенген көлікке жақын жердегі өрт сөндіру бекеті 45 шақырымда болды.

Өртенген автокөлік салонынан екі жолаушының күйген мәйіті табылды", - делінген хабарламада.

Қайғылы оқиғаның видеосы Instagram желісінде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Мамандар өрт қалай шыққанын анықтап жатыр. 

Өрттің шығу себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД өрт-сынақ зертханасы жұмылды. Оқиғаның мән-жайын тиісті органдар да тексеріп жатыр.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети