03 қазан 2016 09:29

Алматы облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматы облысында 78460 әскери бөліміндегі мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында 78460 әскери бөліміндегі мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылдың 2 қазанында Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі әскери қызметкер өз-өзіне қол салды. Тәуліктік жасақта бірге шақыртылған қызметтестерімен бірге қызмет етуі барысында қатардағы жауынгер С.Вербицкий суицид жасады", - делінген ведомствоның хабарламасында. Әскери қызметкер 2016 жылдың мамырында әскерге шақыртылған.

Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, оқиға орнында әскери қызметкердің хаты табылған. Бұл хатында ол өз өліміне ешкімнің кінәлі емес екенін жазған көрінеді. 

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеуді бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети