17 тамыз 2017 11:55

Алматы облысындағы тауларда қаруланған шетелдік азамат ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nexplorer.ru © nexplorer.ru

Полицейлер Алматы облысындағы тауларда адасып кеткен қаруланған шетелдік азаматты ұстады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


Полицейлер Алматы облысындағы тауларда адасып кеткен қаруланған шетелдік азаматты ұстады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл дерек Райымбек ауданында тіркелді. 16 тамызда шекара қызметкерлерді жергілікті таулы аймақтарда Қырғызстанның 41 жастағы азаматын ұстады. Ұсталған ер адам Райымбек аудандық полицияға жеткізілді.

"Шетелдік азамат берген түсініктерінде тауда адасып кеткенін және шекарадан қалай өтіп кеткенін байқамай қалғанын айтады. Ер адамнан "Тигр" қаруы тәркіленді. Күдіктінің қару ұстауға рұқсат беретін қандай да бір құжаттары болмады", - деді Алматы облысының полицейлері.

Осылайша, Қырғызстан азаматы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 514-бабы бойынша ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу"), сондай-ақ, қаруды заңсыз сақтауына байланысты оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети