10 мамыр 2023 | 11:51

Алматы облысындағы улану дерегі: аман қалған әйелдің жағдайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Дәрігерлер Алматы облысында уланып қалған отбасыдан жалғыз аман қалған әйелдің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дәрігерлер Алматы облысында уланып қалған отбасыдан жалғыз аман қалған әйелдің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 4 мамырда Қарасай ауданындағы көпсалалы ауданаралық ауруханаға 1985 жылы туған әйел түскенін хабарлады.

"Диагноз: белгісіз затпен ауыр улану. Жүргізіліп жатқан емдеу аясында жағдай жақсарды. Өздігінен тыныс алып жатыр. Бөлімшеге ауысуға дайындалып жатыр", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында әкесі мен төрт баласы тамаққа уланып қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети