10 маусым 2015 12:13

Алматы орталығында жаға жыртысқан екі жүргізуші туралы видеоны полиция тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com/MOTOR.KZ © youtube.com/MOTOR.KZ

Алматы орталығында жаға жыртысқан екі жүргізушіге қатысты видеоны полиция тексеріп жатыр, ол таяуда Интернетте жарияланған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы орталығында жаға жыртысқан екі жүргізушіге қатысты видеоны полиция тексеріп жатыр, ол таяуда Интернетте жарияланған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Хабарлама есепке алынды. Видео зерттеліп жатыр. Тексеру жұмыстары қолға алынды", - деп мәлімдеді департаменттегілер. Еске сала кетейік, Алматы орталығында жаға жыртысқан екі жүргізуші туралы видео 9 маусымда жарияланды. Ролик авторының мәліметінше, оқиға Абай мен Абылай хан көшелерінің қиылысында болған. Жазбаға қарағанда, Mercedes-Benz Viano маркалы фургонның жүргізушісі автобустарға арналған жолақпен кетіп бара жатқан №120 автобустың жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген. Куәгерлердің айтуынша, төбелес бірнеше минутқа созылған. Видеоға пікір қалдырғандардың ойынша, төбелеске жолдағы жаңа белгілердің сеп болуы мүмкін, оған сәйкес, ортаңғы жолақтағы көлік құралдарына бұрынғыдай сол жақпен емес, тек тура жүруіне ғана болады. 

Айта кетейік, Алматыдағы Абай көшесінің бойында қоғамдық көліктерге арналған жолақ пайда болған еді. Ол Достық көшесінен Момышұлына дейінгі аралықта жүргізілген. Мұндай жаңашылдық бірқатар жүргізушінің наразылығын тудырып үлгерді. Көпшілігі сары жолақтарды баспай, оң жаққа қарай қалай бұрылуды түсінбей әлек болды. Осыған қатысты Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Ирина Лукьянина Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына арнайы жолақтар арқылы қалай бұрылу керегін жазып, суреттерімен түсіндіріп берді, жарияланымды мына жерден көруге болады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети