17 қазан 2019 14:38

Алматы орталығында жол апаты: дәрігерлер зардап шеккендер туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Алматы орталығында болған жол апаты салдарынан зардап шеккендер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 


Дәрігерлер Алматы орталығында болған жол апаты салдарынан зардап шеккендер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына алты адам жеткізілді. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды, ал қалғаны амбулаториялық емдеуге жіберілді. Науқастардың бірі оң аяғын зақымдаған, екіншісінің оң иығы сынған. Травматикалық шок алған, үшіншісінің бас-сүйеу миы зақымдалған, миы шайқалған, оң аяғы сынған", - деді Алматы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Осыған дейін, Алматыда жантүршігерлік жол апатына кінәлі ер адам қамауға алынғаны айтылды. 

"Осы жол-көлік оқиғасы Алматының Алмалы ауданында 01:40-та болған. BMW көлігінің тізгінінде болған 1999 жылғы жігіт (Алматы облысының тұрғыны) алкоголь және есірткіге мас күйде Бөгенбай батыр көшесімен қиылысты бағдаршамның қызыл түсіне өтпекші болған. Ол батыс бағытта кетіп бара жатқан Audi көлігіне соқтығысты", - делінген хабарламада. 

Одан кейін BMW қарама-қарсы бағытқа шығып, Subaru Forester және Toyota Carina автокөліктерімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1992 және 1993 жылғы Audi салонында болған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы алты адам, оның ішінде жүргізуші мен Audi автокөлігінің тағы бір жолаушысы, BMW үш жолаушысы мен Subaru Forester жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен қаладағы ауруханаларға жеткізілді.

"Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. BMW жүргізушісі бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмыстық істің материалдары Алматы қаласы ПД тергеу басқармасымен өндіріске алынды", - деді ведомствод өкілдері. 

17 қазанда түнде Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында (Бөгенбай батыр мен Төле би аралығында) жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, BMW автокөлігі солтүстік бағытта қарама-қарсы жолмен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Осы кезде Бөгенбай көшесімен батыс бағытта Audi маркалы автомобиль кетіп бара жатқан. BMW бар жылдамдығымен Audi көлігіне соқтығысады. Соққы салдарынан Audi жарнама бағанасына және ағашқа соқтығысады. Ары қарай барып Subaru Forester және Toyota Carina көліктерін соққан. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети