17 қазан 2019 09:18

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 қазанда түнде Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында (Бөгенбай батыр мен Төле би аралығында) жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


17 қазанда түнде Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында (Бөгенбай батыр мен Төле би аралығында) жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, BMW автокөлігі солтүстік бағытта қарама-қарсы жолмен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Осы кезде Бөгенбай көшесімен батыс бағытта Audi маркалы автомобиль кетіп бара жатқан. 

BMW бар жылдамдығымен Audi көлігіне соқтығысады. Соққы салдарынан Audi жарнама бағанасына және ағашқа соқтығысады. Ары қарай барып Subaru Forester және Toyota Carina көліктерін соққан. 

 Оқиға орнында жедел әрекет ету қызметтері жұмыс істеген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер де келді, себебі BMW көлігінің бензин багы тесілген. Құтқарушылар көліктерді бөлшектеп, адамдарды құтқарды. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам (Audi жолаушылары) оқиға орнында қаза тапты. Тағы жеті адам зардап шекті - Audi жүргізушісі мен жолаушысы және BMW жүргізушісі мен үш жолаушысы және Subaru жүргізушісі. 

Куәгерлердің айтуынша, BMW жүргізушісі мас болған. 


© "Территория происшествий"

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети