Алматы полицейлері Шығыс айналма жолында баланы қағып кеткен жүргізушіні әлі тапқан жоқ

17 Шілде 2018, 12:45
0
Алматы полицейлері Шығыс айналма жолында баланы қағып кеткен жүргізушіні әлі тапқан жоқ -

Алматы полицейлері Шығыс айналма автожолында 5 жасар баланы қағып кеткен жүргізушіні әлі тапқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері 5 жасар баламен болған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Жедел кешенді және тергеу шараларының аясында жүргізуші мен куәгерлер, сондай-ақ. қылмыстың мән-жайы анықталып, ҚР қылмыстық заңнамасына сәйкес, кінәлі адамға қатысты шаралар қабылданады", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Еске салайық, осыған дейін Шығыс айналма автожолында баланы көлік қағып кеткені туралы хабарланған еді. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, "баланы көрпеге орап, Брянская көшесіндегі ағаштың түбінде тастап кеткен". Алайда жол апаты болған жер бала табылған жерден алысырақ болған.  

Дәрігерлердің айтуынша, бала үшінші деңгейлі кома және төртінші деңгейлі травматикалық шок алған жағдайында балаларға шұғыл жәрдем көрсету орталығына түскен. Оған жедел ота жасалған. 

Ал кейінірек оқиғаның видеосы жарияланған еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай