15 тамыз 2019 17:06

Алматы түбінде бензин таситын көлік микроавтобуспен соқтығысып, бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында бензин таситын көлік пен жолаушылар микроавтобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында бензин таситын көлік пен жолаушылар микроавтобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 13 тамызда Алматы-Бішкек тасжолында Ұзынағаш ауылының маңында болған. Тараздан Алматыға бағыт алған микравтобустың ішінде 17 жолаушы отырған.

Салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шеккен. Бір бала ауруханаға жеткізілген.

"48 жастағы жүргізуші шығыс бағытта келе жатқан. Шамамен сағат 14.50-де микроавтобуспен соқтығысып қалған. Ол автобустың тізгінінде 55 жастағы жүргізуші болған. Жол апаты нәтижесінде микровтобустың 77 жастағы жолаушысы қаза тапты. Бір бала ауруханаға жеткізіліп, тағы төрт адам түрлі жарақаттар алды", - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Микроавтобус жүргізушісі Мадияр Ерназаровтың айтуынша, ол бензин таситын көлікпен соқтығысқан соң, жолдың шетіне аударылып кеткен.

"Бензин таситын көліктің жүргізушісі жол апаты болған жерден 70 метрдей қашықтықта тоқтады. Автобустан шығып, ондағы адамдарды шығарып жатқанымызды көріп, қасымызға келді. Ол жолда ұйықтап кеткенін айтты. Сосын "ҚазМұнайГаз" компаниясының өкілдері келгенде ол басқа нәрсе айтты", - деді Ерназаров.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети