Алматы тұрғындарын пышақ ұстаған ер адам шошытты - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындарын пышақ ұстаған ер адам шошытты - видео Бейнеден алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Алматы көшелерінде пышақ ұстап жүрген ер адамның видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам өтіп бара жатқандарға тиіскен. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын полициядан білді.


Не болды?

Әлеуметтік желіде Алматының Бостандық ауданында пышақ ұстаған ер адам жүргені туралы жазба жарияланды.

"Уақыты 8:40, Есқараев-Серкебаев көшесі. Мас ер адам пышақпен жүр, адамдарға тиісіп, №1 троллейбусқа мініп, кетіп қалды", – делінген жарияланымда.

Жазба авторы видео да жариялаған. Кадрлардан ер адамның көшеде қолына пышақ ұстап жүргені көрінеді.

Полиция не дейді?

Алматы Полиция департаменті оқиға бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады. Құқық қорғау органдары ер адамды іздестіріп жатыр.

"Оның жеке басын анықтау және ұстау бойынша кешенді жедел шаралар қабылданып жатыр. Мұндай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіреді және оған жол берілмейді. Мотивтеріне қарамастан, оларға принципті құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция ер адамның анықталатынын және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын қосты.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды тұрғыны 8 жастағы ұлын бірнеше апта бойы 12 жастағы жасөспірім көршісі қудалағанын мәлімдеген болатын. Баланың анасының айтуынша, ол тіпті пышақпен қуалаған.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +36
Ақтау +31
Ақтөбе +32
Атырау +35
Б
Балқаш +38
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +29
П
Павлодар +23
Петропавл +36
С
Семей +32
Т
Талдықорған +36
Тараз +42
Түркістан +31
О
Орал +33
Ө
Өскемен +38
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер