08 сәуір 2020 16:44

Алматыда 14 жастағы бала теракт ұйымдастырамын деп қорқытқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

14 жастағы жеткіншек Алматыда теракт жасаймын деп қорқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


14 жастағы жеткіншек Алматыда теракт жасаймын деп қорқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы ол тұрғындардың біріне WhatsApp арқылы хабарлаған. Ол 8 сәуірде Алматыдағы Медеу ауданында тұрғын үйлердің бірін жарып жіберетінін айтқан. 

"Ақпарат жедел әрекет етуді талап етті. Хабар тарағаннан кейін сол мекенжайға шұғыл қызмет өкілдері барып, саперлердің көмегімен ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізді: жарылғыш заттар мен басқа да құралдар анықталмады. Ақпарат расталмады. 

Хабарлама авторы жедел-іздестіру шаралары аясында табылды. Ол жоғарыда аталған тұрғын үйдің 14 жастағы тұрғыны. Жеткіншек хабарды таратқанын және оны бұзақылық оймен жасағанын айтты. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық дерек бойынша іс жүргізуді біздің департаменттің тергеу басқармасы жүзеге асырады", - дейді Алматы қаласының ПД басышысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Полиция қызметкерлері терроризм туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Аталған бап бойынша 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети