29 маусым 2017 19:21

Алматыда 17 жастағы велосипедші Дана Ахметова қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дана Ахметова Дана Ахметова

Бүгін, 29 маусымда Алматы қаласының жетінші қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде танымал велосипедші Дана Ахметова қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан велосипед спорты федерациясына сілтеме жасап. 


Бүгін, 29 маусымда Алматы қаласының жетінші қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде танымал велосипедші Дана Ахметова қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан велосипед спорты федерациясына сілтеме жасап. 

"23 маусымда 17 жастағы спортшы қыз IV Жастар спорт ойындарында есінен танып қалған, содан кейін жедел жәрдем бригадасы оны жансақтау бөліміне жеткізген. Дәрігерлер Дананың жағдайы тым ауыр деп бағалаған. Қыз бала ес жимастан қайтыс болды", - делінген федерацияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.  

Сонымен қатар, федерациядағылар Дана Ахметованың Солтүстік Қазақстандағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепте оқығанын және Қазақстан Республикасының спорт шебері екенін жазған. 2016 жылы Дана Олимпиадаға дайындық орталығының тізімінде болған. 

"Дана Ахметова талантты әрі мықты спортшы болатын, ол өзі қатысқан жарыстарда жеңіске деген үлкен ерік-жігерін көрсете білді. Маусым басталысымен ол бірнеше медальға ие болды. Қазақстан велосипед спорты федерациясы Дана Ахметованың жақындары мен туыстарына көңіл айтады және қайғыға ортақ екенін жеткізеді. Бұл орны толмас қаза. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети