03 ақпан 2021 08:33

Алматыда 20 көлік өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖМ Фото: ТЖМ

Алматыда ТЖО-да өрт кезінде 20 көлік жанып кетті. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда ТЖО-да өрт кезінде 20 көлік жанып кетті. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт Сәтпаев көшесіндегі №139 үйде болған. Өрт туралы хабарлама 2 ақпанда сағат 21.52-де Алматы ТЖД кезекшісінің пультіне түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде ТЖО ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Жақын тұрған ғимараттарға өрт таралып кетуі мүмкін болған. Өртті сөндіріп жатқанда жарылыс болған. 

"Алдын ала есептеу бойынша 20-ға жуық көлік өртенді. Жылу әсерінен 4 көлік зақымданды. Тағы 15 көлік эвакуацияланды. Шамамен 600 шаршы метр жер өртенді. Ал ғимараттың жалпы аумағы - 1300 шаршы метр", - деді Талғат Уәли.

Сағат 23.09-да өрт ауыздықталып, сағат 23.47-де сөндірілді. ТЖО-ның қасында орналасқан жанармай құю бекетіне (оңтүстік жағында) өрттің таралуына жол берілмеді. Ешкім зардап шекпеді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети