ПОДЕЛИТЬСЯ
05 желтоқсан 2017 | 09:17
Алматыда 34 жастағы ер адам жұмбақ жағдайда ұшты-күйлі жоғалды
Алматыда екі аптадан бері 34 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр. Ерғалы Садыбеков 25 қарашада "Айнабұлақ" ықшамауданындағы үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Содан кейін қайтып оралмаған. Оны іздеу шараларына жақындары, еріктілер және полиция атсалысып жатыр.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда екі аптадан бері 34 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр. Ерғалы Садыбеков 25 қарашада "Айнабұлақ" ықшамауданындағы үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Содан кейін қайтып оралмаған. Оны іздеу шараларына жақындары, еріктілер және полиция атсалысып жатыр.
Жоғалып кеткен ер адамның туысы Tengrinews.kz тілшісіне Ерғалының әйелімен және ұлымен бірге Алматыда пәтер жалдап тұратынын айтты. Ол дизайнер болып жұмыс істейтін және мейрамханада күзетші болып қосымша қызмет атқаратын. Ер адам жұмысына 17-ші автобуспен не таксимен баратын болған. Кейде жаяу.
Әйел адам Ерғалының жұмыс істейін мейрамханасынан бейнебақылау камераларынан кадрлар ұсынған. Нақтыланбаған мәліметтер бойынша, бұл суреттер ол жоғалып кеткеннен кейін бірнеше күн өткен соң түсірілген. "Онда ол жалақысын бермей жүрген күзет басшысымен сөйлесіп тұрған. Басшы болса оны көрмегенін айтады. Видеоның қаншалықты рас екенін тексергіміз келеді", - деді сұхбаттасушы.
Туысының айтуынша, оның жақындары балгерлер мен экстрасенстерге барған. Олардың барлығы Ерғалының тірі екенін және оны белгісіз біреулердің күштеп ұстап отырғанын айтады: "Ол үйден шығып, жұмысқа дейін бір жерге соғуды ұйғарғанын айтады. Сол жерде жанжал шығып, оны қала сыртына алып кетіп, күштеп ұстап отыр. Онымен тағы үш ер адам бар. Олардың бірін Ерғалы таниды".
"Ол ішпейді, нашақор емес, тура адам. Үйде баласы мен жүкті әйелі күтіп отыр. Ол осылайша тастап кетуі мүмкін емес. Шынымен де бірдеңе болды. Қылмыстық бірдеңе болды", - деп ойлайды ер адамның туысы.
Показать комментарии
Читайте также