Алматыда Subaru мінген әйел жүргізуші бес адамды қағып кетті

25 Шілде 2017, 14:48
0
Алматыда Subaru мінген әйел жүргізуші бес адамды қағып кетті -

Алматыда Subaru Tribeca мінген әйел көше қиылыcында бес адамды қағып кетіп, жол жиегінде тұрған Honda CR-V көлігіне соғылды, - деп хабарлайды patrul.kz.

Куәгерлердің сөзінше, оқиға Жандосов пен Береговой көшелерінің қиылысында болған. Бағдаршамның сары шамы жанғалы тұрған кезде Subaru солға бұрылмақ болады. Осы кезде ол жолды өтіп бара жатқан бес адамды қағып кеткен. 

Осыдан кейін ол жол шетіне қарай шықпақ болып, жол жиегінде тұрған Honda CR-V көлігіне соғылған.

Зардап шеккен бес адамның екеуі - балалар. Оларды түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға алып кетті. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай