Алматыда әл-Фараби даңғылы су астында қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Нөсерлеп жауған жаңбырдан Алматы көшелері суға толып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқырмандар Tengrinews.kz редакциясына мегаполистің қозғалысы көп көшелеріндегі су басып қалған аумақтардың суреттері мен видеоларын жолдап жатыр. Әл-Фараби, Абай және Достық даңғылдарындағы көліктердің су астында қалғаны хабарланды. Осыған байланысты қаланың кейбір бөлігінде кептелістер пайда болды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нөсерлеп жауған жаңбырдан Алматы көшелері суға толып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқырмандар Tengrinews.kz редакциясына мегаполистің қозғалысы көп көшелеріндегі су басып қалған аумақтардың суреттері мен видеоларын жолдап жатыр. Әл-Фараби, Абай және Достық даңғылдарындағы көліктердің су астында қалғаны хабарланды. Осыған байланысты қаланың кейбір бөлігінде кептелістер пайда болды. 

Куәгерлердің айтуынша, кейбір көліктер жол бойында тұрып қалып жатыр.

"16 маусымда Алматы қалалық ТЖД-ның "112" пультіне су басқаны жайлы шамамен жүз елуден аса хабар келіп түсті. Олардың ішінде 25 жағдайы расталды, себебі абоненттер бір мекен-жайға бірнеше мәрте шақырту жасаған. Әсіресе Алатау ауданынан телефон соғатындар көп. Су басқан жерлерде Алматы ТЖД, аудандық әкімдіктер, Алматы Құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер. 

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда толассыз жауынның салдарынан Жароков көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан "Алатау" метро станциясын су басқаны хабарланған болатын. "Метрополитен" директорының көмекшісі Ажар Хабиеваның айтуынша, су метро станциясына Жароков көшесі жақтан келе бастаған.

Осыдан кейін толассыз жауған жауынның салдарынан Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған "Алғабас-6" ықшамауданындағы Момышұлы-Ақын сара көшесінде орналасқан бес қабатты үй су астында қалды. №1/19 үйінің тұрғындар су астында қалған пәтерлерінің суреттері мен видеоларын Tengrinews.kz тілшісіне жолдады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer