20 ақпан 2015 11:19

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы шіркеуде өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Территория происшествий" ©"Территория происшествий"

Алматыда өрт болып жатыр: әл-Фараби даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысатын тұсындағы шіркеуде өрт шықты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі оқиға орнынан. 


Алматыда өрт болып жатыр: әл-Фараби даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысатын тұсындағы шіркеуде өрт шықты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі оқиға орнынан. 

Алдын ала мәлімет бойынша, от Петропавл храмы ғимаратындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуының салдарынан шыққан. Қазіргі уақытта Алматыдағы өрт орнында өртке қарсы қызметтің жеті тобы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәліметке қарағанда, өрттен зардап шеккендер жоқ. 

Оқиға орнында жүрген Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, шіркеу қызметкерлері мен мұнда келген адамдар шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілген. Ғимарат қоршауға алынды. "Өрт шамамен сағат 10.30-да басталды. Ол кезде храма 10 адам болған. Бұл біз үшін үлкен күйзеліс болды", - деді Петр мен Павел храмы қызметкері Максим әкей. Қазір шіркеу қызметкерлері мен жиналған діндарлар ғимараттың тілсіз жаудан аман қалуын тілеп жатыр. 

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт шарпыған аудан нақтыланып жатыр. Шіркеуде күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан. Қазір өрт ауыздықталды, енді жалынның көршілес ғимараттарға көшкен-көшпегені анықталып жатыр. 

Айта кетейік, 11 ақпан күні әл-Фараби даңғылында "ГАЗель" көлігі өртеніп кеткен еді. Өрт шамамен сағат 10.30-да басталды. Достық даңғылы мен Фурманов көшесінің аралығында тұрған көліктен жүргізуші дер кезінде шығып үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети