11 ақпан 2015 12:13

Алматыда әл-Фараби даңғылында "ГАЗель" өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Сәрсенбек Қызайбекұлы ©Сәрсенбек Қызайбекұлы

Алматыда әл-Фараби даңғылында "ГАЗель" автомобилі өртеніп кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Өрт 11 ақпанда таңғы уақытта шамамен 10.30-да Достық даңғылы және Фурманов көшелесінің қиылысында шықты.

Автомобиль әл-Фараби даңғылының бойымен батыс қарай кетіп бара жатқан. Өрттің неден шыққаны әзірше белгісіз. Жүргізуші өртеніп жатқан көліктен шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі келді, қазіргі уақытта тілсіз жау ауыздықталды. Автокөлік түгелдей өртеніп кетті. Оның салдарынан әл-Фараби даңғылында кептеліс пайда болды.

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматы қаласында өткен жылдың қыркүйек айында Жібек жолы - Қайырбеков көшелерінің қиылысында жеңіл автокөлік өртенген болатын. Автокөліктің өртеніп жатқаны бейнеленген видеоны редакциясы куәгер жіберді. Роликте жеңіл автокөліктің алдыңғы бөлігі жанып жатқаны көрінеді. Өртті өрт сөндіру қызметі өшірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы мәліметі болмады. Ал 2014 жылдың тамыз айында Алматы қаласындағы "Мерей" сауда үйінің маңында Audi автомобилі өртенген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети