18 шілде 2016 11:55

Алматыда атыс кезінде екі полицей жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда атыс кезінде екі полицей жарақат алды, - деп хабарлайды оқиға орнынан Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда атыс кезінде екі полицей жарақат алды, - деп хабарлайды оқиға орнынан Tengrinews.kz тілшісі.

Жараланғандардың бірі Құрманғазы-Шәріпов көшелерінің қиылысында жатыр. "Адамдар осы ауданда атысты естіген. Айналаны полицейлер қоршауға алды. Полиция көлігінде жарақат алған құқық қорғау органдарының қызметкері жатыр. Осыған дейін тағы бір жарақат алған адамды алып кеткен", - деді Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Бұған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңының қоршауға алынғаны белгілі болған еді. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отырғанын айтып жатыр.

Жақын жердегі кеңселердің қызметкерлері он рет оқ даусын естігенін айтады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети