10 шілде 2022 23:44

Алматыда атыс шығарған ер адам өз әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қару асынған ер адам неге атыс шығарғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда қару асынған ер адам неге атыс шығарғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, сағат 22.00 шамасында 102 пультіне Алматының Алатау ауданының тұрғын үй секторында жүрген қарулы ер адам туралы хабарлама келіп түскен.

"Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында патрульдік полиция күшімен тұрғын үй қоршалды. Арнайы бөлімше қызметкерлері күдіктіні ұстады. Бұл М. есімді азамат, 1985 жылы туған, осы шағын ауданның тұрғыны. Бұл ер адам өз атына тіркелген тегіс ұңғылы аңшылық мылтықпен қаруланған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Ер адам әйелімен жанжалдасқаннан кейін осындай әрекетке барғанын айтып, түсіндірді. Ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети