29 шілде 2015 12:01

Алматыда әуежай маңында қойма ғимараты өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram @2774608 © Instagram @2774608

Алматыда қойма ғимараты өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда қойма ғимараты өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт Түрксіб ауданы Ахметов, 20 мекен-жайында болды. Өрттің аумағы - шамамен 100 шаршы метр. Сағат 11.07-де оқиға орнына төрт өрт сөндіру машинасы мен Алматы әуежайынан қосымша екі техника жұмылдырылды. "Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - деп хабарлады ТЖД.

VK/"Типичная Алма-Ата" паблигінен

Куәгерлер СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшілеріне өрттің алдында жарылыс болғанын, зардап шеккендердің бар екендігін айтты.

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығының 25 мың шаршы метрін өрт шалған болатын. Тілсіз жау 26 сәуірде кешкі уақытта басталды. Оқиға салдарынан жалға алушылардың көпшілігі қажетті құжаттарынан айырылды, олардың ішінде жалға алу туралы келісімшарттар да бар. Құжаттар сауда орталығының ғимаратында қалды. ТЖД мәліметінше, өрт кезінде автоматты түрде дабыл қағатын жүйе ме өртсөндіру құрылғылары істен шыққан және сырттағы өртке қарсы сумен жабдықтау желісінде су болмаған. Сонымен қатар, сарапшылар "Адем" сауда үйіндегі өрттен келген шығынның алдын ала көлемін атады. Шығынның алдын ала көлемі 5,3 миллиард теңгеге бағаланды. Алайда есептелген өтемақының сатушылардың тауарларына қатысы жоқ, бұл сома ғимарат шығыны үшін төленеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети