05 наурыз 2020 12:08

Алматыда аялдамада тұрған әйелдің аяғын жұлып кеткен жүргізуші мас болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда аялдамада тұрған әйелдің аяғын жұлып кеткен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Алматыда аялдамада тұрған әйелдің аяғын жұлып кеткен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Алматы қалалық полициясының Тергеу басқармасының мәліметінше, жол апаты бүшін Алмалы ауданында таңғы сағат 7-лерде болған. "Форд Транзит" маркалы көліктің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, Чайковский көшесіне жеткенде аялдамада тұрған 61 жастағы әйелді қағып кетті. Артында cол маңда тұрған Toyota Camry көлігін қағып, ары қарай ағашқа барып соғылған", - дейді полицейлер.

Салдарынан әйел адам ауруханаға жеткізілген. Полицейлердің айтуынша, жол апатынан басқа ешкім зардап шеккен жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда аялдамада тұрған әйелдің аяғын көлік жұлып кеткені хабарланған болатын. Жол апаты Мақатаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети