08 желтоқсан 2015 15:46

Алматыда бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен Gelandewagen жүргізушісі іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадрлар Видеодан алынған кадрлар

Алматы полицейлері қаланың орталығында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен ақ түсті Mercedes Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полицейлері қаланың орталығында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен ақ түсті Mercedes Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Youtube қолданушысы Владислав Золотухин видеотіркегішіне жазылып қалған видеоны жариялады, одан жол қозғалысы ережесінің өрескел бұзылғанын көруге болады. Оқиға 7 желтоқсан күні сағат 10.30-да Тимирязев пен Байзақов көшелерінің қиылысында болған. Жүргізуші Тимирязев көшесімен шығыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан және ол жолдың қарсы бағытына шығып, көшелердің қиылысын кесіп өтті.

Сол сәтте шамамен он адам жолдан өтіп бара жатқан. Абырой болғанда жаяу жүргіншілер жолдан қауіпсіз өтіп үлгерді. "Өкінішті-ақ, номері анық көрінбейді. 904 ZZ өңірі 02 дегенге ұқсайтын сияқты", - делінген видео сипаттамасында. Алайда әлеуметтік желінің кейбір қолданушылары көліктегі мемлекеттік номер 909 ZZ десті.

Сонымен қатар, Алматы ІІД мамандары видеоны зерттеп жатқандарын хабарлады. Жүргізушінің кім екені анықталысымен, ол жауапкершілікке тартылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети