24 қараша 2016 19:55

Алматыда балалар арбасы ұрланған сәт видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны қымбат тұратын балалар арбасының қалай ұрланғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғыны қымбат тұратын балалар арбасының қалай ұрланғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің айтуынша, бұл оқиға 15 қарашада "Таугүл" ықшамауданында болған. "Кешке үйге келдік. Әдеттегідей арбаны баспалдақ жаққа қарай қойып қойдық. Видеоны бірнеше рет қарап шықтық. Видеодағы ер адам бастапқыда 16-қабатқа көтерілген. Кейін төменгі қабаттарға түсіп, әр қабатты қарап шығады. Жарты сағат ішінде барлық қабатты аралап шығады. Содан 4-қабатқа келісімен, қолғабын киіп, біздің балалар арбамызды алып кетеді. Ол біздің қабатта балалар арбасы бар екенін білген сияқты", - дейді әйел.

Сондай-ақ, әйел арбаның жоғалғанын шамамен таңғы сағат 8.00-де көріп, бірден полицейлерге хабарлағанын айтты. "Егер де ол зат 30-35 мың болса, ештеңе болмас еді. Бірақ біз оны қымбатқа сатып алған болатынбыз. Баламызға неврологиялық диагноз қойылған. Бұл балалар арбасы әлі өз бетімен жүре алмайтын, бес жасқа дейінгі балаларға арналған. Қазір базарда мұндай арбалар шамамен 230 мың теңге тұрады. Біз оны былтыр сатып алдық. Ақшасын бөліп төлеп жүрдік", - дейді алматылық тұрғын.

Сонымен қатар, алматылық әйел "Таугүл" ықшамауданының тұрғындарына абай болуын ескертті. 

Ал қалалық ІІД өкілдері бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстарының басталғанын айтты. Олардың айтуынша, бұл дерек тергеудің бірыңғай реестріне "Тонау" бабы бойынша тіркелді. "Күдікті анықталды. Жедел тергеу тобы қылмысты ашу мақсатында кешенді тергеу шараларын жүргізіп жатыр", - деді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети