04 мамыр 2019 17:12

Алматыда балалардың ұрып-соғылғаны түсірілген видеодан кейін балабақша меңгерушісі жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда Алатау ауданындағы №37 балабақшаның меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда Алатау ауданындағы №37 балабақшаның меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап.

Меңгерушіні қызметінен босату туралы бұйрық бүгін, 4 мамырда шықты.

"2019 жылдың 2 мамырында І кіші топтағы тәрбиеші құқық бұзушылық жасады. Баласының денесі көгергенін байқаған анасы 3 мамырда балабақшаның меңгерушісіне хабарласқан. Содан олар 2 мамырдағы жазбаны қарап шықты. Тәрбиешінің баланы ұрып-соққаны анықталды, - деген еді білім басқармадағылар.

Мұның алдында баланы ұрып-соққан тәрбиешінің жұмыстан шығарылғаны хабарланған болатын. "Тәрбиеші 3 мамырда жұмыстан шығарылды. Мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісіне балабақшадағы бақылаудың нашарлағаны үшін сөгіс жарияланды. Алматы қалалық білім басқармасы мекеменің жұмысын қатаң бақылауға алды", - деп хабарлаған еді БҒМ өкілдері.

Еске салайық, Желіде тәрбиешілердің балаларды ұрып-соққаны түсірілген видеоның таралғаны хабарланған болатын. Онда тәрбиешінің баланың қасына барып, өзіне қарай итеріп, басқа бөлмеге алып бара жатқаны көрінеді. Кейінірек ол бөлмеге тағы бір баланы алып кеткені көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети