1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда балабақшада балалардың ұрып-соғылғаны түсірілген видео: Тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда балаларды ұрып-соққан тәрбиеші жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың мәліметінше, бұл оқиға 2 мамырда № 37 балабақшада болған. Тәрбиеші І кіші топтағы 2 жасар баланы ұрып жіберген. Баласының денесі көгергенін байқаған анасы балабақша басшылығына хабарласқан. Онда камерадағы жазбалар көрсетіліп, бұл дерек расталған.

"Тәрбиеші 3 мамырда жұмыстан шығарылды. Мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісіне балабақшадағы бақылаудың нашарлағаны үшін сөгіс жарияланды. Алматы қалалық білім басқармасы мекеменің жұмысын қатаң бақылауға алды", - деп хабарлады БҒМ өкілдері.

Еске салайық, мұның алдында Желіде тәрбиешілердің балаларды ұрып-соққаны түсірілген видеоның таралғаны хабарланған болатын. Онда тәрбиешінің баланың қасына барып, өзіне қарай итеріп, басқа бөлмеге алып бара жатқаны көрінеді. Кейінірек ол бөлмеге тағы бір баланы алып кеткені көрінеді.