30 сәуір 2017 09:37

Алматыда балдақ таянған адамды автобусқа кіргізбей қойған кондуктордың әрекеті Қазнетте дау туғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео Видео

Алматыдағы қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде куәгер 23 бағыттағы автобустың кондукторы мен егде жастағы ер адамның оқиғасын видеоға түсіріп алды. Видео әлеуметтік желіде таралып, Қазнетте дау туды. 

Кадрлардан балдақ таянған ер адамның автобусқа кіргісі келгенін, бірақ кондуктордың оны итеріп, кіргізбей қойғанын көруге болады. Кондуктордың не себепті бұлай жасағаны белгісіз қалып отыр. Оның үстіне былапыт сөздер де айтады. 

Осы кезде сыртта қалып қойған ер адам автобус терезелерін балдағымен соққылай бастайды. Қолданушылардың басым бөлігі кондуктордың әрекетін сөкті. Алайда балдақ ұстаған адамның алаяқ екенін айтқандар да бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети