28 шілде 2021 14:33

Алматыда белгісіз біреулер Терренкурдағы тақтайшаларды сындырып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Жасыл экономика басқармасы Терренкур жағалауындағы қалпына келтірілген жаяу жүргіншілер аймағында вандализм актісі тіркелгені туралы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының Жасыл экономика басқармасы Терренкур жағалауындағы қалпына келтірілген жаяу жүргіншілер аймағында вандализм актісі тіркелгені туралы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Терренкур жағалауын абаттандыру барысында бес мың бұта мен ағаш отырғызылған. Онда тамырланып үлгермеген ағаштар күзде ауыстырылатыны туралы тақтайшалар қойылған. Алайда вандалдар тақтайшаларды қиратып кеткен.

Сурет: Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметінен

"Барлығы жеті тақтайша сынған және велосипед қозғалысына шектеу қойылғаны туралы жол белгісі бұзылған. Сонымен қатар, отыруға арналған екі жұмсақ орындық ұрланды. Жақын арада тақтайшалар қалпына келтіріледі. Бірақ жауапкершілік барын еске салғымыз келеді. Вандализм, табиғатқа қоқыс тастау тәрізді әрекет арқылы айналамызды ластаймыз. Мейірімді болыңыз, мұндай жағдайларға жол бермеңіз", - деді басқарма өкілі.

Айта кетейік, Алматыда Терренкур жағалауындағы серуендеу аймағын қайта құру жұмыстары былтыр басталған болатын. Қайта құру барысында жағалау бойында қала тұрғындары демалатын орындар мен балалар алаңдары абаттандырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети