Алматыда бос тұрған ғимараттан нәрестенің денесі табылды

09 Желтоқсан 2019, 09:06
0
Алматыда бос тұрған ғимараттан нәрестенің денесі табылды -

Алматыда бос тұрған ғимараттан нәрестенің денесі табылды. Бұл туралы алматылық Андрей Андреев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Сайран көлінің аумағында бос қалған ғимараттардың бірінен сәбидің денесі табылған. "Үш күн бойы жатқан, егеуқұйрықтар тістелеп тастаған дейді. Жартқыштың өзі баласы үшін өлімге барады, ал адамдар баласын өлімге оңай тастап жүре береді", - деп жазды ол.

Алматы ПД өкілдері осы ақпаратты растады.

"Осы дерекке қатысты Алмалы аудандық полиция басқармасының бөлиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Жедел-тергеу тобы құрылды, олар нәрестенің анасын таяу уақытта табады және баланың қандай жағдайда қайтыс болғанын анықтайды", - дейді полицейлер. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай