01 қараша 2019 11:19

Алматыда бір адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шеккен жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шеккен жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол апаты Рысқұлов - Жансүгіров жолайрығында болған. Жолаушылай кетіп бара жатқан көліктегі бейне тіркеуші құрылғыға түсірілген видеоны редакцияның WhatsApp +7 777 001 44 99 нөміріне жіберген. 

Видеодан екі жол апатының болғанын көруге болады: бірінші Toyota Camry мен "Газель" соқтығысқан. Олар жолда "апатты сигнал" қосып тұрған. Артынша КамАЗ маркалы жүк көлігі қатты жылдамдықпен келіп соққан. 

Осыған дейін, куәгерлердің айтуынша, КамАЗ Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта кетіп бара жатып белгісіз себептермен бар жылдамдығымен Toyota Camry маркалы автокөлікті соққан. Жапон автомобилі соққы салдарынан 50 метрге ұшып кетіп, "Газель" көлігін соққан, ол өз кезегінде тағы бір Camry автомобилін соққан. 

Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті, олардың арасында бір жасар сәби де бар. Бір адам қаза тапты, ол - Тoyota Camry жолаушысы. Ол алған жарақатынан ауруханаға барар жолда қаза тапты. 


Фото: "Территория происшествий"

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети