16 қыркүйек 2016 15:47

Алматыда бір күнде үш ірі жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда бір күн ішінде бірнеше жол-көлік оқиғасы орын алды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 


Алматыда бір күн ішінде бірнеше жол-көлік оқиғасы орын алды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Мақатаев және Шәріпов көшелерінің қиылысында жаппай жол апаты болды. Куәгердің айтуынша, Mercedes Шәріпов көшесінің бойымен солтүстік бағытта кетіп бара жатып, Мақатаев көшесіне бұрылмақ болған. Сол бағытта келе жатқан Kia көлігінің жүргізушісі солға бұрылмақ болған. Ол "Жол бер" деген белгіні елемей Мақатаев көшесіне шығып кетіп, қарсы бағыттағы Mercedes және Hyundai көліктерін соққан. Жол апатынан Hyundai жүргізушісі зардап шеккен, ол ауруханаға жеткізілді.

Екінші жол апаты Шолохов және Ержанов көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Mazda автокөлігінің жүргізушісі көше бойымен батыс бағытта жүріп бара жатқан. Белгісіз себептермен, жүргізуші басқаруды ие бола алмай бағанға соғысқан. Ер адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы Төле би Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Автомобиль апат салдарынан жолдың шетіне шығып кетіп, екі адамды қағып кеткен. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Subaru автокөлігінің жүргізушісі Әуезов көшесінің бойымен бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне өткен кезде, Төле би көшесімен бағдаршамның қызыл түсіне өткен Mitsubishi көлігі екінші жапондық көлікті соққан. Соққыдан Mitsubishi көлігі тротуардан шығып кетіп аялдаманың жанында автобусты күтіп тұрған ер адам мен әйел адамды қаққан. Куәгерлер олардың ауыр жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілгенін айтты.

 
"Территория происшествий" бағдарламасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети