Алматыда бірнеше көлік соқтығысты

13 Қазан, 09:07
0
Алматыда бірнеше көлік соқтығысты -

Алматыда Hyundai жүргізушісі бірнеше көліктің соқтығысуына себепші болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов даңғылының бойында болған. Бес автокөлік соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai автокөлігі бір бағытта кетіп бара жатқан Toyota маркалы автомобилін соққан. Осыдан кейін, ол жолдың қарама-қарсы бағытына өтіп кетіп, Toyota Highlander және Toyota Carina көліктерімен соқтығысқан. Соңғысы соққы салдарынан жүк көлігіне барып соқтығысады. 

Hyundai жүргізушісінің айтуынша, көлік тізгінінде келе жатып, ол есінен танып қалған және жол апатының барлық мән-жайын білмейді екен. 

Hyundai көлігінде отырған екі жолаушы мен Hyundai жүргізушісі және Toyota Highlander салонындағы бала зардап шеккен. 


Суреттер "Территория происшествий" бағдарламасынан

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай